русский язык
ММА

UFC-мен келіссөз жүргізіп жатқан қазақстандық файтер Алматыда жекпе-жек өткізеді

UFC-мен келіссөз жүргізіп жатқан қазақстандық файтер Алматыда жекпе-жек өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Мұратбек Қасымбай (12-5) Иран өкілі Мухаммад Хейбатимен (5-3) екінші рет жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Екі файтер арасындағы реванш 14 маусымда Алматыда ресейлік Hardcore FC промоушенінің турнирі аясында өтеді. Мұратбек Қасымбай мен Мухаммад Хейбати алғаш рет октагонда 2020 жылдың желтоқсанында кездескен еді.

AMC Fight Nights 99 турнирінде өткен жекпе-жекте Хейбати төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген болатын. "Қазақ терминаторы" лақап атымен танымал Мұратбек Қасымбай соңғы жекпе-жегін 2023 жылдың желтоқсанында "Наше дело 81" турнирінде өткізді. Ол Ресей өкілі Александр Грозинмен кездесіп, есе жіберді.

Осылайша, мансабында 5-рет жеңіліске ұшыраған еді. Еске салайық, Мұратбек Қасымбай UFC промоушенімен келіссөз жүргізіп жатқанын айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;