русский язык
Единоборства

Күрес түрлерінен 16 балуанымыз Олимпиада жолдамасына таласады

Күрес түрлерінен 16 балуанымыз Олимпиада жолдамасына таласады
news-banner7
mobile-news-top

Кеше ғана Қырғызстан астанасы Бішкекте күрес түрлерінен Азия чемпионаты мәресіне жеткен болатын. Енді араға үш күн салып ала қалпақты ағайындар тағы бір маңызды доданы қабылдамақ, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атап айтсақ, 19-21 сәуір күндері Бішкекте күрес түрлерінен Азия аймақтық іріктеу турнирі өтеді. Онда қазақстандық балуандар да бақ сынап, Париж олимпиадасының жолдамасына таласады.

Аталған сында грек-рим күресі мен еркін күрестен балуандар бес салмақта сынға түссе, бұрымды балуандарымыз алты салмақта ел намысын сынамақ.

Париж Олимпиадасының жолдамасы үшін күресетін балуандар тізімі:

Грек-рим күресі:

60 келі: Айдос Сұлтанғали
67 келі: Мейіржан Шермаханбет
77 келі: Демеу Жадыраев
97 келі: Олжас Сырлыбай
130 келі: Әлімхан Сыздықов.

Еркін күрес:

57 келі: Ерасыл Мұхтарұлы
65 келі: Майис Әлиев
74 келі: Нұрғожа Қайпанов
97 келі: Әлішер Ерғали
125 келі: Юсуп Батырмұрзаев

Әйелдер күресі:

50 келі: Лаура Ғаниқызы
53 келі: Жұлдыз Ешімова
57 келі: Эмма Тисина
62 келі: Ирина Кузнецова
68 келі: Елена Шалыгина
76 келі: Жәмила Бақбергенова.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;