Қазақстандық теннисші Мексикадағы турнирдің ширек финалына өте алмады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Акапулькода (Мексика) өтіп жатқан турнирдің ширек финалына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Екінші айналымда Жұқаев аустралиялық Тристан Скулкейттен 7:5, 3:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.
Кездесу 2 сағат 37 минутқа созылды.
Айта кетейік, Скулкейт келесі айналымда отандасы Адам Уолтонмен ойнайды.