русский язык
Единоборства

Лицензиялық турнир: Үш балуанымыз жартылай финалға шықты

Лицензиялық турнир: Үш балуанымыз жартылай финалға шықты
news-banner7
mobile-news-top

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан лицензиялық турнирдің екінші жарыс күні әйелдер күресінен үш балуанымыз жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атап айтсақ, 50 келі салмақта Лаура Ғаниқызы, 53 келі салмақта Жұлдыз Эшімова және 76 келі салмақта Жәмила Бақбергенова лицензиялық турнирдің жартылай финалына өтті.

Лаура Ғаниқызы Ұлттық құрама сапындағы ең жас балуандарымыздың бірі. Ол Азия құрлығының лицензиялық жарысында екінші айналымда Филиппин спортшысы Джиа Пинготты таза жеңсе, Жұлдыз Эшимова ширек финалда Въеьнам балуаны Нгуиенді 2:1 есебімен жарыс жолынан тайдырды.

Ал Жәмилә Бақбергенова ширек финалда өзбекстандық Светлана Окназарованы 13:2 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты.

Енді осы үш балуанымыз жартылай финалда жеңіске жетсе бірден Париж олимпиадасының жолдамасына иелік етеді.

Өкінішке қарай Эмма Тисина (57 кг), Ирина Кузнецова (62 кг) және Елена Шалыгина (68 кг) үшеуі жарысты ерте аяқтап, жолдамадан тыс қалды.

Аталған лиензиялық турнирде Олимпиада жолдамасы тек финалға шыққан балуандарға беріледі. Күрестің үш түрінен 18 салмақ дәрежесінде 36 лицензия сарапқа салынып жатыр. Ал үшінші жарыс күні грек-рим күресінің балуандары сынға түседі.

Естеріңізге сала кетейік, кеше бірінші жарыс күні еркін күрес шеберлері Олимпиада жолдамасын сарапқа салды. Нәтижесінде 97 келі салмақта Әлішер Ерғали мен 125 келі салмақта Юсуп Батырмұрзаев Париж олимпиадасына жолдама алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;