48 сағат: АҚШ барлау басқармасы Израильге Иранның кек алатынын ескертті

Израиль өзінің әуе қорғанысы жүйесін күшейтіп, резервшілерді шақырды

Нұрдәулет Кәкіш
04/04/2024 - 17:13

Фото: AP

Фото: AP

АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы Израильге 48 сағат ішінде Иран Израильге қатысты Дамаскіге жасалған соққыға жауап ретінде кек алу операциясын бастауы мүмкін екенін ескертті. Иран көшбасшылары Израильге қарсы жауап соққы беруге уәде берді, ал Иран президенті Раиси бұл шабуылдың «жауапсыз қалмайтынын» мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Сонымен қатар Израиль билігі әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерін күшейтіп, резервшілерді шақырды, деп хабарлайды Sarbaz.kz The Times of Israel-ге сілтеме жасап. Шабуылдан бері Ливан аумағынан бірнеше зымыран атылды.

Иран Ливандағы, Ирактағы немесе Йемендегі өзінің прокси-күштерінің көмегіне жүгінбей-ақ өз аумағынан зымыран соққысын қайтара алады.

Ливаннан «Хезболла» тобы күн сайын солтүстіктегі шекара бойындағы Израиль бекеттеріне шабуыл жасап, оқ жаудыруда. Атыс кезінде сегіз бейбіт израильдік пен он ЦАХАЛ сарбазы қаза тапты. Израиль армиясы 267 содыр мен 60 бейбіт тұрғынды өлтірді, олардың үшеуі – журналист.

×

Редакция

$ 441.8  480.02  4.88