Зеленский әлем жұлдыздарынан Украинаға көмектесуді сұрады

Сондай-ақ ол АҚШ-тың көмегінсіз Украинаның соғыстан жеңілетінін ескертті

Нұрдәулет Кәкіш
08/04/2024 - 10:07

Фото: dsnews.ua

Фото: dsnews.ua

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ Конгресі Киевке әскери көмек пакетін бөлу туралы шешімді мақұлдамаса, Ресейге қарсы қорғаныс соғысында Украинаның жеңілетінін ескертті. Бұл туралы Украина президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі. 

«Егер Конгресс Украинаға көмектеспесе, Украина соғыстан жеңіліп қалады», - деді Зеленский United24 платформасында өткен бейнеконференцияда. «АҚШ-тың қолдауынсыз Украина ел ретінде жеңіске жету немесе тіпті аман қалуы қиын болады», - деп қосты ол.

Зеленский сонымен қатар Украина жеңіліске ұшыраған жағдайда Ресей Федерациясы басқа мемлекеттерге шабуыл жасайтынын ескертті.

Кездесуге философ Фрэнсис Фукуяма, астронавт Скоттом Келли, кәсіпкер Ричард Брэнсон, Миша Коллинз, Марк Гамилл, Лиев Шрайбер, Кэтрин Винник, Иванн Сахно, Тимоти Снайдер, Брэд Пейсли, Уэйн Сермон, Бен Макки сынды актерлер қатысты.

6 сәуірдегі сұхбат кезінде Зеленский Украина армиясының оқ-дәрі тапшылығына байланысты Ресейге қарсы шабуыл жасау мүмкіндігінен айырылғанын хабарлады. Ол сондай-ақ Ресей Федерациясының жаппай шабуылдарынан қорғану үшін Украинаға 25 американдық Patriot әуе қорғанысы жүйесі қажет екенін атап өтті.

Зеленскийдің айтуынша, ресейлік террорлық шабуылдардан Харьков күн сайын бомбаланып жатыр.

Ресейлік агрессияға қарсы Украинаға екі жылдан бері көрсетіліп келе жатқан әскери көмек 2023 жылдың күзінен бастап АҚШ Конгресінің бір шешімге келе алмауына байланысты тоқтап тұр. 13 ақпанда демократиялық бақылаудағы Америка парламентінің жоғарғы палатасы Украинаға, Израильге және Тайваньға көмек ретінде 95,3 миллиард доллар бөлу туралы заң жобасын мақұлдады. Олардың ішінде Киев 60,06 миллиард доллар алуы керек.

Алайда бұл құжат республикашылардың қарсылық танытуына байланысты Өкілдер палатасынан өтпеуі мүмкін. Конгресстің төменгі палатасының спикері Майк Джонсон қазірдің өзінде заң жобасы өте қиын деп мәлімдеді. Өйткені онда республикашылар талап ететін АҚШ-тың оңтүстік шекарасын қорғауды күшейту шараларын қаржыландыру белгіленбеген.

×

Редакция

$ 441.8  480.02  4.88