«Мерекені атап өту мүмкін емес»: АҚШ-та Ораза айт кезінде атыс болды

Парксайд аймағында екі адамға оқ тиіп, оқиға орнынан қашпақ болған жаяу жүргіншілердің бірін көлік қағып кетті

Sarbaz.kz редакторы
11/04/2024 - 09:40

Фото: X @JoshBreslowTV

Фото: X @JoshBreslowTV

Пенсильвания штатының Филадельфия қаласында қасиетті Рамазан айының аяқталуына арналған іс-шара кезінде атыс болды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі trtrussian.com-ға сілтеме жасап.

Оқиға туралы ақпаратты Fox 29 тілшісі X арқылы полиция құрылымдарындағы дереккөздерге сілтеме жасап таратқан.

Парксайд аймағында кем дегенде екі адам оқ құшты. Полиция атысқа қатысы бар төрт адамды ұстады.

Оқиға орнынан қашуға тырысқан жаяу жүргіншілердің бірін көлік қағып кетті. Оның жағдайы әлі белгісіз. Атыс болған жерде 2 жастан 14 жасқа дейінгі балалар көп жүрген.

Атысты жақын маңнан байқаған куәгерлердің бірінің айтуынша, ол оқ атылғанын естіп, айналасындағылардың бәрі қашып, айқайлап, жерге құлай бастаған.

«Біз тек қаша бердік, қаша бердік. Менің отбасымдағылардың бірі ішінен жарақат алды», - деді Наджа Бей.

Сондай-ақ ол іс-шараға жүздеген адамның қатысқанын атап өтті.

«Бір күні атып тастай ма екен деген қорқынышпен, тіпті мерекені де алаңсыз атап өту мүмкін емес», - деп қосты Бей.

×

Редакция

$ 441.8  480.02  4.88