Иран президенті ХАМАС көшбасшысына балаларының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Босқындар лагеріне жасалған соққыдан ХАМАС басшыларының бірінің үш ұлы мен бірнеше немересі көз жұмды

Sarbaz.kz редакторы
11/04/2024 - 10:03

Фото: APA/Исмаил Хания

Фото: APA/Исмаил Хания

Иран президенті Ибрахим Раиси ХАМАС тобының жетекшісі Исмаил Ханияға Израильдің соққысы кезінде ұлдарының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі  Rokna News Agency-ға сілтеме жасап.

«Әл-Шати лагеріне шабуыл жасаудағы қатыгез сионистік режимнің сіздің үш қымбат балаңыздың, сондай-ақ олардың үш баласының шейіт болуына әкелген бассыз әрекеттері маған және Иран халқына қатты әсер етті», - делінген Раисидің ХАМАС көшбасшысына жолдаған жеделхатында.

Бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған да Ханияға көңіл айтты.

10 сәуірде ХАМАС жетекшісі Исмаил Хания Газа секторының солтүстік-шығысындағы Шати босқындар лагеріне жасаған Израильдің соққысынан оның үш ұлы мен бірнеше немересін көз жұмғанын хабарлады. Ханияның айтуынша, ХАМАС пен Израиль арасындағы соғыс басталғаннан бері оның 60-қа жуық туысы қаза тапқан.

×

Редакция

$ 441.8  480.02  4.88