АҚШ пен Канада Беларуське қарсы санкцияларды күшейтті

Ресей Федерациясы мен Беларусьтің бірқатар компаниясы қара тізімге енгізілді

Нұрдәулет Кәкіш
16/04/2024 - 14:44

Фото: Reuters

Фото: Reuters

АҚШ пен Канада Беларуське қатысты санкциялар тізімін кеңейтті. АҚШ Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) Минскідегі Беларусьтің қорғаныс секторымен және үкіметімен байланысты 10 адам мен 12 компанияны қара тізімге енгізді,  деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Жеке санкциялар Беларусь, Ливан, Сирия, Словакия және Швеция азаматтарына – Александра Оксенчук, Әлхаитам Әли, Дмитрий Брайм, Сергей Чергейко, Мұхаммед Дейри, Дмитрий Михальцов, Татьяна Протопович, Самер Райи, Нора Ягмур және Олег Юрчикке қатысты енгізілді», деп хабарлады ведомство сайтындағы баспасөз хабарламасында.

АҚШ Қаржы министрлігінің мәліметінше, олар қара тізімге енгізілген ұйымдармен байланысты және Беларусь пен Ресей Федерациясының қару-жарақ өндірісіне арналған компоненттерді жеткізеді деп күдіктенеді.

Сонымен қатар Беларусь, Кипр, Ирак, Қытай, Словакия және Түркия ұйымдарына шектеулер қойылды. Басқалардың арасында АҚШ-тың қара тізімінде ресейлік қорғаныс компанияларына жабдықтар жеткізетін «СтанкоГомель» станок жасау кәсіпорны, сондай-ақ Беларусь Қарулы Күштерінің жеткізушісі, «АГАТ-системы управления» компаниясы және оның қарамағындағы төрт фирма болды.

Қара тізімге Ирактағы Black Shield қару-жарақ компаниясы кірді. Вашингтонның мәліметінше, онда беларуссиялық «Кидма тек» компаниясына қару сатып алып, қайта сатқан. Өз кезегінде қытайлық Shenzhen 5g High-Tech Innovation қазірдің өзінде санкцияланған «Пеленг» ААҚ-мен байланысты.

Сонымен қатар Канаданың санкциялар тізімін 21 беларусьтық азамат толықтырды. Оттаваның мәліметінше, бұл азаматтар 2020 жылы Беларусь президентін сайлаудан және жаппай наразылықтардан кейін белсенділерді ұстауға қатысқан.

«Олар жалған сайлауға наразылық білдірген беларусьтіктердің қарсы тұтқындау жүргізіп, қатыгездікке, қорқытуға және шамадан тыс күш қолдануға, сондай-ақ жалған айыптар бойынша үкім шығарылып, сотталғаннан кейін де түрмеге жабылғаннан соң оларға қаталдық танытқан», делінген Канада үкіметінің сайтында.

«Радио Свобода» атап өткендей, Беларусь түзету колонияларының басшылары мен наразылық істері бойынша шешім шығарған судьялар да санкцияларға ұшыраған.

×

Редакция

$ 441.58  480  4.86