Лубинец: Соғыс басталғаннан бері Украинада 37 мыңға жуық адам жоғалып кетті

2023 жылдың наурызында Украинада балаларды Ресей Федерациясына күштеп депортациялаудың 16 мыңнан астам жағдайы тіркелгені туралы хабарлады

Нұрдәулет Кәкіш
17/04/2024 - 09:55

Фото: УНИАН

Фото: УНИАН

2022 жылы Ресей Украинаға шапқыншылық жасағаннан бері 37 мыңға жуық украин азаматы жоғалып кетті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі DW агенттігіне сілтеме жасап.

«Бұл сандар әлдеқайда жоғары болуы мүмкін. Есептеу әлі де жүргізілуде», - деп жазды Украинаның адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Радасының уәкілі Дмитрий Лубинец Facebook әлеуметтік желісінде.

Ол бұл әскери қызметкерлерге де, әр түрлі жастағы бейбіт тұрғындарға да қатысты екенін атап өтті.

Омбудсменнің айтуынша, Ресей Федерациясы 2014 жылдан бастап Украина аумағынан бейбіт тұрғындарды ұрлап әкетіп отырған. Хабар-ошарсыз кеткендерді санау Ресейдің Украина территориясының 20 пайызын басып алғаннан кейін тіптен қиындай түскен. Лубинецтің мәліметінше, Украина Ресей Федерациясының аумағында «заңсыз ұсталған» 1700-ге жуық бейбіт тұрғынды тексере алған. Әзірге тек 147 бейбіт тұрғын өз отанына орала алған.

2023 жылы Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот Ресей президенті Владимир Путинді және Ресей Федерациясының президенті жанындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Мария Львова-Белованы басып алынған Украина аумақтарынан балаларды ұрлап әкеткені үшін қамауға алуға ордер берді. Алайда Кремль бұл айыптауларды жоққа шығарды.

2023 жылдың наурызында Украинада балаларды Ресей Федерациясына күштеп депортациялаудың 16 мыңнан астам жағдайы тіркелгені туралы хабарлады. Украинадан күштеп әкеткен балалардың көбі патронаттық тәрбиеге берілуі немесе балалар үйіне орналастырылуы заңсыз екенін айтады украиналық тарап.

×

Редакция

$ 443.44  480.51  4.88