Ресей Украинадағы бейбіт тұрғындарға шабуыл жасады: 19 адам зардап шекті

Бес қабатты екі ғимарат, медициналық мекеме, оқу корпусы жартылай қираған

Sarbaz.kz редакторы
28/03/2024 - 10:27

Фото: t.me/synegubov

Фото: t.me/synegubov

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің Харьков қаласының Шевченков ауданындағы тұрғын үйлерге шабуыл жасалғанын, 19 адам зардап шеккенін мәлімдеді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Харьков. Ресейдің қалаға қарсы террорлық әрекеті ерекше сипат алуда. Миллионнан астам адамды тығырыққа тіреп, қараңғылықта, зымыран, «шахедтер» соққыларының астында өмір сүруге мәжбүрлеп отыр. Енді – әуе бомбалары. Кәдімгі көшенің бойында, үйлерге, мектептерге, қарапайым азаматтық инфрақұрылымға дейін. Әзірге бір адамның өлімі белгілі. Туыстары мен жақындарына көңіл айтамын.

«Кем дегенде 19 адам зардап шекті, оның ішінде бүлдіршіндер де бар. Атап айтсақ, 2022 жылы туған қыз бала және 2023 жылы туған ұл бала. Зардап шеккендердің бәріне қажетті көмек көрсетіліп жатыр», - деп жазды ол жеделхатында.

Жергілікті билік бұған дейін ресейлік әскерилер 2022 жылдан бері алғаш рет әуе бомбаларын қолданғанын хабарлаған.

«Тұрғын үйлерді атқылау UMPB D-30 оқ-дәрілерімен жасалса керек. Ол өте күшті. Оның жарылыс қуаты әуе бомбасы мен зымыран арасындағы орташа күшке ие. 30 см калибрлі оқ 90 км-ге дейін ұша алады. Олар ұшақ арқылы да, «Смерч» арқылы да қолданылады. Қорытынды ақпарат сараптамадан кейін белгілі болады», - деді облыстық әскери басқармасының басшысы Олег Синегубов.

Оның мәліметінше, бес қабатты екі ғимарат, медициналық мекеме, әкімшілік ғимараттар, оқу корпусы жартылай қираған. Барлығы кем дегенде 14 көпқабатты үй зақымданған.

×

Редакция

$ 439.4  473.54  4.76