Қостанай облысында су басқан үйлердің шатырынан 150-ден аса адам тікұшақпен құтқарылды

Іс-шара Қорғаныс министрлігінің Әуе кемелерінің көмегімен өтті

Sarbaz.kz редакторы
28/03/2024 - 10:50

Фото: Видеодан скриншот

Фото: Видеодан скриншот

Қостанай облысында су басқан аймақтардан 150-ден астам тұрғын тікұшақ арқылы құтқарылды. Бұл туралы Sarbaz.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Осы түні ҚР ТЖМ Республикалық жедел штабының үйлестіруімен Жаңақала, Екіді, Аққысы, Қызылжұлдыз ауылдарының және Қостанай облысының 9 қыстағының тұрғындарын эвакуациялау бойынша құтқару операциясы жүргізілді», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Іс-шара Қорғаныс министрлігінің Әуе кемелерінің көмегімен өтті.

«150-ден астам жергілікті азамат құтқарылды, олардың 63-і кәмелетке толмағандар», - делінген хабарламада.

Тікұшақтардағы адамдар Арқалық қаласының эвакуациялық пунктеріне жеткізілді.

×

Редакция

$ 439.43  473.31  4.82