Абай облысының тағы бір ауданында төтенше жағдай жарияланды

Су тасқынына байланысты осындай шешім қабылданды

Sarbaz.kz редакторы
29/03/2024 - 09:35

Фото: Абай облысының әкімдігі

Фото: Абай облысының әкімдігі

Абай облысының Ақсуат ауданында ауа райына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Sarbaz.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдік мәліметінше, бүгін Ақсуат аудандық жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Штаб отырысында тасқын су салдарынан келген залалдарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Ақсуат ауданының әкімдігі «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңының 48-бабына және 50-бабына сәйкес, 2024 жылдың 28 наурызынан бастап, жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялады.

«Қарғын су салдарынан жол қатынасы үзілген ауылдарды қажетті деңгейде азық-түлікпен, басқа да күнделікті тіршілікке қажеттіліктермен қамту мәселесі пысықталып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді», - делінген әкімдік хабарламасында.

×

Редакция

$ 439.43  473.31  4.82