1 млрд теңгеге жалған шот-фактура жасаған: компания қызметкері 4 жылға сотталды

2021 жылдың желтоқсан айынан бастап 2022 жылдың маусым айына дейін жалған шот-фактура жасаған

Sarbaz.kz редакторы
29/03/2024 - 11:39

Фото: ҚМА баспасөз қызметі

Фото: ҚМА баспасөз қызметі

Астанада «Каз Монтаж Энерджи» ЖШС атынан 1 млрд теңгеден астам сомаға жалған шот-фактура жасаған адам сотталды. Бұл туралы Sarbaz.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті «Каз Монтаж Энерджи» ЖШС атынан 1 млрд теңгеден астам сомаға жұмыстарды, қызметтерді көрсетуді және тауарларды жөнелтуді жүзеге асырмай, жалған шот-фактураларды жазып беру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ұйымдастырушы 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап 2022 жылдың маусым айына дейінгі аралықта Астана қаласында бір топ тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы «Каз Монтаж Энерджи» ЖШС атынан «ТазалыкЭксперт» ЖШС және «Bertys Construction» ЖШС-ге іс жүзінде қызмет көрсетпестен шот-фактуралар жазып берген.

Сот оны 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.

×

Редакция

$ 441.41  477.78  4.84