Еуропаны азат етуге қатысқан: әскерилер ҰОС ардагерін 99 жасқа толуымен құттықтады

Ол Украина майданында 228-ші гвардиялық атқыштар полкінің құрамында соғысқан

Sarbaz.kz редакторы
16/04/2024 - 09:55

Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

Алматыда Медеу аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері ардагерді 99 жасқа толған туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Иван Матвеевич Бегунов Украинаның Житомир қаласында дүниеге келген. Ақтөбе облысында Кеңес әскері қатарында қызмет атқарып, сол жерден соғысқа аттанған. Украина майданында 228-ші гвардиялық атқыштар полкінің құрамында соғысқан.

Пулеметші Еуропаны азат етуге қатысқан. Шабуыл кезінде ол пулеметпен жаяу әскердің алға жылжуына жол ашып, оларға позициялар арасындағы қашықтықты еңсеруге мүмкіндік бере білді.

Батылдығы мен ерлігі және сарбаздардың рухын көтере білгені үшін Иван Бегунов «Қызыл Ту» орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен және басқа да жауынгерлік наградалармен марапатталған.

Жергілікті әскери басқару органының өкілдері ардагерге зор денсаулық тіледі. Иван Матвеевичке қолбасшылық атынан сыйлықтар тапсырып, соғыс жылдарында көрсеткен ерлігі үшін алғыс айтты.

Соғыс ардагері бір ұл, бір қызынан 5 немере, 11 шөбере сүйіп отыр.

×

Редакция

$ 441.41  477.78  4.84