Қызылордада ірі көлемде есірткі сатпақ болғандар ұсталды

Қосымша іс-шаралар барысында заңсыз сора өсіру жөніндегі астыртын зертхана табылды

Sarbaz.kz редакторы
17/04/2024 - 10:42

Фото: ҰҚК

Фото: ҰҚК

Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша ҰҚК департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткіні жеткізудің өңірлік арнасын жойды. Бұл туралы Sarbaz.kz ҰҚК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

2024 жылғы наурызда Қызылорда қаласында 3,5 кг апиынды сатуға әрекеттенуі кезінде Қазақстанның 5 азаматы ұсталды.

Бұдан басқа, қосымша іс-шаралар барысында заңсыз сора өсіру жөніндегі астыртын зертхана табылды.

«Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қылмыстық кодекстің 300-бабының 2-бөлігі және 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген ҰҚК хабарламасында.

×

Редакция

$ 441.58  480  4.86