ШҚО-да су тасқынының екінші толқыны басталды

Облыстың 44 пайызы әлі қар астында жатыр

Sarbaz.kz редакторы
17/04/2024 - 11:58

Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

ШҚО-дағы су тасқынының екінші толқынына дайындық барысында бөгеттер салу, су түбін тереңдету, каналдарды тазарту жүріп жатыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Қар жамылғысының ауданы облыстың 44%-ын құрайды. Көптеген аудандарда қар қоры және ондағы судың мөлшері нормадан 1,5-2 есе жоғары.

«Орта таулы аймақта және таулардың оңтүстік беткейлерінде қар жамылғысының еруіне байланысты облыста су тасқынының екінші толқыны басталды. Қазіргі уақытта облыстың солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыс аудандарында су тасқыны қаупі туындауы мүмкін. Барлық гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істеуде, - деп хабарлады ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының аға инженері Аяулым Кекиева ОКҚ алаңында өткен брифингінде.

Су тасқыны жағдайын уақтылы бағалау үшін тұрақты негізде тәулік бойы мониторинг жүргізіледі.

«Алдын алу іс-шараларының жоспарына сәйкес жағаны нығайту және өзендердің түбін тереңдету, бөгеттер салу, қапшықтар төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жергілікті атқарушы органдар арналарды, арықтар мен көпірлерді тазарту бойынша шаралар қабылдады. Күштер мен құралдар әзірлікке келтірілді», - деді спикер.

×

Редакция

$ 441.58  480  4.86