Елімізде су тасқынынан жеті адам қаза болды

Жазатайым оқиғалар қай өңірлерде болғаны айтылды

Sarbaz.kz редакторы
18/04/2024 - 12:49

Фото: Қостанай облысы ПД

Фото: Қостанай облысы ПД

Елімізде болып жатқан су тасқыны кезінде жеті адам көз жұмды. Бұл туралы бүгін Сенат кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев БАҚ өкілдеріне мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Ол жазатайым оқиғалар қай өңірлерде болғанын айтып өтті.

«Атырау облысында төрт адам, Түркістан облысында бір бала суға батып қаза тапты. Қазір осы фактілер бойынша қылмыстық істер тіркеліп, алдын ала тергеу жүріп жатыр», - деді Марат Қожаев.

Марат Қожаев сөз арасында Абай облысы Аягөз ауданында трактордың үстіне мініп отырғандар да қаза тапқанын мәлім етті.

«Оларды да су тасқынында қаза болғандардың қатарына қосу керек. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу шешім дайындап жатыр», - деді ол.

×

Редакция

$ 441.8  480.02  4.88