Украинаның премьер-министрі: Ресейден жеңілер болсақ, үшінші дүние жүзілік соғыс болуы мүмкін

АҚШ-тың Укаринаға көмегі әлі жетер емес, уақыты созылып барады

Нұрқанат Омарұлы
18/04/2024 - 15:57

Фото: Euronews

Фото: Euronews

Украинаның премьер-министрі үшінші дүниежүзілік соғыс қаупі туралы айтып, дабыл қақты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

АҚШ-тың Укаринаға көмегі әлі жетер емес, уақыты созылып барады. Осы ретте BBC қызметіне сұхбат берген Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль дабыл қақты.

«Бұл қаражат бізге ертең де емес, бүгін де емес, кеше керек еді. Қорғанудың амалын таппасақ, Украина күйрейді. Соның салдарынан ғаламдық қауіпсіздік жүйесі бұзылады. Мұндай жағдай болса, бүкіл әлем жаңа қорғаныс жүйесін іздеуге мәжбүр болады», - деді Денис Шмыгаль.

Украина премьер-министрі өзінің сұхбатын мына сөздермен түйіндеді:

«Ресейден жеңілер болсақ, не қақтығыстар көбейеді, не дәл осындай соғыс өрши түседі де арты үшінші дүние жүзілік соғысқа ұласып кету ғажап емес», - деді ол.

×

Редакция

$ 441.8  480.02  4.88