Қазақстаннан 400 млн теңге мен алтын құймаларды заңсыз шығармақ болғандар ұсталды

Қолма-қол ақшаны сыртқа алып кету ерекше бақылауда      

Sarbaz.kz редакторы
19/04/2024 - 14:25

Фото: ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті

Фото: ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті

Осы жылдың басынан бері Астана қаласы бойынша МКД «Әуежай-Астана» кеден бекетінің қызметкерлері кедендік бақылау кезінде жалпы құны 400 миллион теңгеден астам валютаны заңсыз әкетудің 22 фактісін құрықтады. Сол сияқты алтын құймаларды заңсыз алып кетудің жолы кесілді. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, жыл басында «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайында «Астана – Ыстамбұл» халықаралық рейсін кедендік бақылау кезінде Қазақстан Республикасының азаматы 74 миллион теңгеден астам сомаға шетелдік валютаны заңсыз әкетпек болған.

«Бұл ретте Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне қылмыстық құқық бұзушылық белгілерімен 172 млн теңгеден астам сомаға 3 материал, әкімшілік құқық бұзушылық белгілерімен 281 млн теңгеге 19 факті, онда айыппұл сомасы 664 560 теңгені құрады.

Сонымен қатар, азаматтар жалпы салмағы 433 грамм алтын құймаларын және жалпы салмағы 3000 грамм коллекциялық монеталарды (құны 70 миллион теңгеден астам) заңсыз әкету бойынша заң бұзушылыққа жол берген», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес еліміздің Ұлттық банкі шығарған, Қазақстаннан 10 000 АҚШ доллары баламасынан асатын сомаға қолма-қол шетел валютасын, шетел валютасындағы ақша құралдарын, сол сияқты алтын құймаларын, инвестициялық монеталарды және т.б. әкетуге тыйым салынған. Аталған нормаларды бұзғаны үшін деңгейіне қарай әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

×

Редакция

$ 441.58  480  4.86