Бундестаг Ресей мен Беларуське санкция салу мәселесін талқылайды

Айтуынша бұл Ресей бюджетіне миллиардтаған еуроның түсуіне жол бермеу үшін қажет

Sarbaz.kz редакторы
24/04/2024 - 17:19

Фото: AP

Фото: AP

Бундестаг Ресей мен Беларуське ауыл шаруашылығы саласында санкция салу мәселесін қарайды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

25 сәуірде Германия парламентінің депутаттары Ресей мен Беларусьқа қарсы ауылшаруашылық санкцияларын енгізу туралы ұсынысын талқылайды.

«Аграрлық сектордағы Ресей мен Беларусьқа қарсы қатаң санкциялар президент Владимир Путиннің әскери бюджетіне миллиардтаған еуроның түсуіне жол бермеу үшін қажет. Бізге еуропалық импортқа тыйым салу керек. Кейбір ресейлік ауылшаруашылық тауарларына тарифтерді көтеру жеткіліксіз», - дейді депутат және бастама авторларының бірі Альберт Стегеманн.

×

Редакция

$ 443.44  480.51  4.88