Қытай Жерді қашықтан зондтау спутнигін орбитаға шығарды

Зымыран Бейжің уақыты бойынша 06:50-де (Астана бойынша 04:50) Тайюань ғарыш айлағының ұшыру алаңынан ұшырылды.

Sarbaz.kz редакторы
01/11/2023 - 17:57

Қытайлық «Чанчжэн-6» зымыран тасығышы «Tianhui-5» Жерді қашықтықтан зондтау спутнигін орбитаға сәтті шығарды. Бұл туралы Қытай аэроғарыштық ғылыми-техникалық корпорациясы (CASC) мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz «Интерфакс» агенттігіне сілтеме жасап.

Зымыран Бейжің уақыты бойынша 06:50-де (Астана бойынша 04:50) Тайюань ғарыш айлағының ұшыру алаңынан ұшырылды.

Орбитаға шығарылған аппаратты Шанхай ғарыштық технологиялар академиясы (SAST) әзірледі. Оны картография және топография, ресурстарды барлау, сондай-ақ ғылыми эксперименттер жүргізу сияқты әртүрлі салаларда қолдану жоспарлануда.

Тегтер

×

Редакция

$ 443.72  482.28  4.9