«Буревестник» қанатты зымыраны: техникалық сипаттамалары, артықшылықтары

Зымыранның ерекшелігі – радарларға көрінбейді

Ануар Маратов
06/11/2023 - 20:59

2023 жылдың қазан айының басында Ресейдің «Буревестник» деп аталатын жаһандық қашықтықтағы құрлықаралық қанатты зымыраны сәтті сынақтан өткені белгілі болды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Оның басты ерекшелігі – нысанаға тигізер алдында кез-келген қашықтықты еңсеруге мүмкіндік беретін ядролық энергетикалық қондырғының болуы. Бұл ретте габариттері бойынша ол Х-101 «ауа-жер» стратегиялық қанатты зымыранымен деңгейлес немесе одан аздап асады. Шексіз әрекет ету қашықтығының арқасында зымыран кез-келген траектория бойынша нысанаға қарай жылжи алады және әуе қорғанысы мен зымыран қорғанысы позицияларын айналып өте алады.

«БУРЕВЕСТНИК» ЗЫМЫРАНЫН ӘЗІРЛЕУ

Ең алдымен, «Буревестник» зымыраны, 9М730 немесе НАТО-ның кодтық белгілеуіне сәйке SSC-X-9 Skyfall жаңа әзірлеу болып саналады және бұл туралы ақпарат құпия. Сондықтан ол туралы көптеген мәлімет белгісіз, ал жалпыға қолжетімді деректер нақты емес.

9М730 тарихы, шын мәнінде, 2001 жылы, АҚШ 1972 жылғы зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерін шектеу туралы келісімнен шыққанын мәлімдегеннен кейін басталды. Осыдан кейін бұл қаруды жасау туралы шешім қабылданды. Рас, британиялық саясаттанушы Марк Галеотти секілді кейбір батыстық сарапшылар «Буревевстник» әлі де кеңестік жоба болып саналады, тек оған байланысты жұмыстар бір сәтте тоқтатылды деп мәлімдейді.

Желіде Саровтағы эксперименттік физика ҒЗИ (ғылыми-зерттеу институты) инженерлерімен бірге Екатеринбургтің «Новатор» ТКБ (тәжірбиелік конструкторлық бюро) зымыран жасаумен айналысатыны туралы ақпарат бар.

«БУРЕВЕСТНИК» ЗЫМЫРАНЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ

ТАСС мәліметтері бойынша, зымыран дыбыссы жылдамдыққа ие, сондықтан оны «Кинжал» сияқты қанатты зымырандармен салыстыруға болмайды. Дағдылы жылдамдық секундына 190-200 метрді құрайды, ал максимум секундына 250-250 метрден аспайды. Бірақ әзірге бұл нақты деректерден гөрі болжам дегенге сәйкес келеді.

Кейбір сарапшылардың бағалауы бойынша, зымыран қозғалтқышының қуаты шамамен 766 кВт құрайды. Зымыран тікелей ағынды әуе-реактивті қозғалтқышпен жабдықталған деген болжам бар. Дегенмен, кейбір сарапшылар қозғалтқыш шын мәнінде турбореактивті деген пікірде. «Буревестник» қолданатын ядролық қондырғыны сынау 2018 жылы аяқталды. Осы кезде ғана бұл қарудың әзірленуі туралы алғаш рет белгілі болды.

Зымыранның ерекшелігі – радарларға көрінбейді. Осыған дейін хабарланғандай, 100 метр биікте зымыранды қадағалау және оған тосқауыл қою мүмкін емес. Оны ұшыру кезінде спутниктен байқауға болады.

ЯДРОЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫСЫ БАР ҚАНАТТЫ ЗЫМЫРАН НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ

«Буревестник» бастапқыда «кек алу қаруы» ретінде ойластырылған. Бұл оның міндеттеріне қарсыласқа алдын ала соққы беру кірмейтінін білдіреді. Сол сияқты бұл ядролық соғыс басталған жағдайда алғашқы ядролық соққы беруге арналмаған. Ол құрлықаралық баллистикалық зымырандар жұмыс істегеннен кейін ғана жауға соққы беруі керек.

Осы себепті зымыранға жылдамдығының аздығы өте маңызды емес. Идея бойынша, оны пайдалану кезінде қарсылас әуе қорғанысы мен зымыран қорғанысының бір бөлігінен айырылады. Ал қалған қорғаныс жүйелерін зымыран маневр жасау және үлкен кедергілерді жеңу қабілетінің арқасында айналып өте алады.

Дереккөздердің мәліметінше, күшті ядролық соққылардан кейін де жаудың инфрақұрылымы толығымен жойылмайды. Яғни соғысты жалғастыруға қауқарлы. Сондықтан баллистикалық зымырандардан кейін «Буревестник» зымырандары ұшырылады, олардың міндеті аман қалған командалық пунктерді, қорғалған әскери базаларды, зауыттарды, энергостанцияларды және басқа да инфрақұрылымдарды жою болып саналады.

Нысанаға соққы беру үшін зымыран, ядролық оқтұмсықты алып жүре алады. Сонымен қатар, ядролық реактор қарсыласқа зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан «Буревестник» үлкен аумақтағы алып нысандарға соққы бере алады.

2023 ЖЫЛҒЫ «БУРЕВЕСТНИК» СЫНАҚТАРЫ

«Буревестник» зымыранының сынақтан өткені туралы Ресей президенті Владимир Путин 2023 жылдың 5 қазанында мәлім етті. Бірнеше күн бұрын бұл туралы New York Times хабарлады, тіпті Арктикада сынақтар жүргізілгенін көрсететін спутниктік суреттер мен авиациялық деректерді жариялады.

Түсірілім Жаңа Жер архипелагының үстінде жүргізілді. Айта кетерлігі, КСРО кезінде бұл жерде «Бомба патшасы» сыналған. Алайда зымыранды сынақтан өткізу туралы толық ақпарат жоқ.

Тегтер

×

Редакция

$ 441.58  480  4.86