Glock 17: әлемге танымал пластикалық тапанша жайлы не білесіз?

Ол әлемдік қару-жарақ нарығында үлкен жетістікке жеткен алғашқы пластикалық жақтауы бар тапанша

Ануар Маратов
08/11/2023 - 17:24

Австриялық Glock 17 қазіргі уақытта әлемдегі полиция мен қарулы күштер арасында да, спорттық ату мен өзін-өзі қорғау үшін қару сатып алатын қарапайым азаматтарда да үнемі жоғары сұранысқа ие, ең танымал, өздігінен оқталатын тапаншалардың бірі болып саналады. Sarbaz.kz тілшісі аталмыш қарудың шығу тарихы мен бүгінгі ерекшелігіне тоқталып өтпек.

Аталмыш қаруды 1980 жылы Гастон Глоктың жетекшілігімен Фридрих Деханттың қатысуымен конструкторлар тобы құрды. 1963 жылы құрылған австриялық кәсіпорын бұрын-соңды қару-жарақты жобалау және жасау ісімен айналыспаған. Компания алдымен құрал-саймандар жасауға маманданған, содан кейін әскери тауарларды – пулемет таспаларын, гранаталар мен пышақтар шығара бастады.

Ал Гастон Глок тапаншаларын өндіруге 1980 жылы Австрия армиясының жаңа жеке қаруын қарастыруы себеп болды. Олар сол кездегі революциялық шешімдерді жүзеге асыра алды. Нәтижесінде компанияның әлемдік қару-жарақ нарығындағы жетекші позицияларының бірі болып, компания өнімдерінің танымалдығы артты. Glock 17 – әлемдік қару-жарақ нарығында үлкен жетістікке жеткен алғашқы пластикалық жақтауы бар тапанша. Жақтау, ағытқыш қармағы және оқжатары жоғары беріктігі бар полимерден жасалған.

Тапанша жеңіл салмақты, үлкен сыйымдылығы бар оқжатары, қауіпсіздігі арқасында да аса танымал болды.

Кейінірек Glock 17 тапаншасын Швеция мен Финляндияның қарулы күштері, құқық қорғау органдары және арнайы бөлімшелері қолдана бастады. Ал 1986 жылдан бастап Норвегия армиясы қабылдады. Майамидың 25 полиция қызметкері австриялық тапаншаға жүргізген сынақтары ерекше назар аударады. Оқталған тапаншаны 18 метр биіктен болат пен бетонға лақтыру кезіндегі қауіпсіздігі сыналды. Сынақ нәтижесінде қарудың өздігінен атылмайтыны белгілі болды. Сол сияқты 45 минут ішінде ешбір қиындықсыз 1000 оқ тоқтаусыз атылды. Осы сынақтардан кейін Майамидің полиция департаменті Glock 17 тапаншаларын қабылдады.

Glock моделінің бүгінде төрт буыны өзгерді, ал қазіргі уақытта Glock 17-нің бесінші буыны – Gen 5 өндірісте.

Glock 17-нің екінші буынының біріншіден айырмашылығы – тұтқаның алдыңғы және артқы жақтарында ойықтары пайда болды. Екінші буын 1990 жылы өндіріске енгізілді.


Glock 17 бірінші буыны (оң жақта) және екінші буыны (сол жақта). Екінші буынның тұтқасындағы ойықтар жақсы көрініп тұр

Үшінші буынына тұтқа ойықтарына қоса шамға және лазерлік нысан көрсеткішіне арналған бекіткішке және құлыптау блогын бекітетін қосымша сұққышы орнатылды.


Glock 17 үшінші буыны

Төртінші буын барлық буындар арасында ең үлкен өзгеріске ие. Оның ішінде:

  • Жаңа тұтқа;
  • оқжатардың ысырма түймесі үлкенірек және ыңғайлырақ болды;
  • төртінші буын тапаншаларына түрлі диаметрлі екі серіппе орнатыла бастады.

Алдыңғы буындардан айырмашылығы, төртіншісінде бекітпеде тиісті белгі бар – Glock 17 Gen4.


Төртінші буындағы Glock 17 Gen 4

Бесінші буын немесе «Gen5» тапаншалары 2017 жылдың тамызында көрсетілді, алғашқы «Gen5» модельдері Glock 17 және Glock 19 болды. Бұл нұсқадағы өзгерістер қарудың эргономикасын жақсартуға және оның сенімділігін арттыруға бағытталған.


Бесінші буындағы Glock 17 Gen 5

ГЛОК 17 ТАПАНШАСЫНЫҢ ЖҰМЫС ПРИНЦИПІ

Glock 17 тапаншасының автоматикасы оқпанның қысқа жүрісі кезінде кері қайтаруды қолдану схемасы бойынша жұмыс істейді. Ағытқыш механизмі соққы үлгісінде жасалған.

Тапанша дербес жұмыс істейтін үш автоматты сақтандырғышпен жабдықталған. Олар ағытқыш ілгекті аңдаусыз басқан кезде өздігінен атылып кетудің алдын алады.

Тапанша қарапайым және сенімді құрастырылымға ие. Толық бөлшектеу кезінде ол оқжатарды қосқанда 33 бөліктен тұрады. Техникалық қызмет көрсету қол асты құралдардың көмегімен арнайы жабдықты пайдаланбай жасалуы мүмкін, бұл техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді едәуір жеңілдетеді.

Тапанша өзінің ерекше дизайнының арқасында әлемге кең таралды. Glock 17 тапаншасының түрлі модификациялары Австрия, Швеция және Норвегия сияқты 30-дан астам елдің армиясы мен полициясында бар. Модельді НАТО басшылығы жеке атыс қаруының негізгі үлгілерінің бірі ретінде мақұлдады, «Глоктардың» әртүрлі модификациялары АҚШ, Канада, Мексика, Үндістан, Филиппин, Сауд Арабиясы және басқа да көптеген елдердің полициясы мен барлау қызметтерінен тұрады.

Glock 17 тапаншасының сипаттамалары:

  • Калибрі: 9mm Parabellum;
  • Ұзындығы: 186 мм;
  • Оқпанының ұзындығы: 114 мм;
  • Қарудың биіктігі: 138 мм;
  • Қарудың ені: 30 мм;
  • Картриджсіз салмақ: 625 г;
  • Патрон сыйымдылығы: 17 патрон;

Тегтер

×

Редакция

$ 441.58  480  4.86