Telegram Ресей билігінің бақылауында ма: Дуров бұл туралы Карлсонға берген сұхбатында айтты

Павел Дуров ресейлік қауіпсіздік күштерінің соңына түсіп, қысым жасағанын айтты

Нұрдәулет Кәкіш
17/04/2024 - 15:07

Фото: GETTY IMAGES

Фото: GETTY IMAGES

«ВКонтакте» әлеуметтік желісін және Telegram мессенджерін құрушы Павел Дуров америкалық журналист, Fox News-тің бұрынғы жүргізушісі Такер Карлсонға сұхбат берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Көпшілікке сирек төбе көрсететін Друовтың бұл сұхбаты бейне форматында шықты.

Кәсіпкер айтқандай, Карлсонмен сұхбат ақпан айында өткен. Сол кезде америкалық журналистің Ресей президенті Владимир Путинмен сұхбаты шыққан болатын.

Дуров Карлсонмен сөйлескен күні үш сағаттық сұхбат бергенін мәлімдеген. Алайда ол журналистің атын атамаған. Наурыз айының басында Дуровтың британдық Financial Times газетіне берген сұхбаты жарияланды.

Дуровтың сұхбат кезінде айтқан сөздерінің негізгі тұстарын ВВС агенттігі қысқартып жариялады:

- Telegram-ды құру идеясы Дуровқа «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі оппозициялық топтарды алып тастаудан бас тартқаны үшін ресейлік қауіпсіздік күштерінің соңына түсіп, қысым жасағанынан кейін келген. Дуровтың айтуынша, тінту кезінде ол қарым-қатынастың қауіпсіз әдісі жоқ екенін түсініп, байланыстың шифрлаудан қорғалатын қолданбаны жасау керектігін ойлаған. Мұндай қосымшаның кодын Дуровтың ағасы Николай жазған, ал өзі функционалдық пен дизайнға жауапты болған.

- Дуровтың пікірінше, «Telegram Ресей билігінің бақылауында» деген қауесетті мессенджердің бәсекелестері таратады, олар бұл желінің аудиториясының өскенін қаламайды. Дуров Telegram маркетингке бір де бір доллар  жұмсамағанын, бірақ ол күн сайын 2,5 миллион пайдаланушыны тіркеліп, олардың жалпы саны 900 миллионға жеткенін айтады.

- Қазір Telegram командасы орныққан Дубайға барғанға дейін Дуров бірнеше басқа жерді, соның ішінде Берлин, Лондон және Сингапурды қарастырыпты. Бірақ ол жерлерде бюрократиялық қиындықтарға тап болыпты. Атап айтқанда, Германияда ЕО-дан тыс жерде жұмыс істейтін үздік бағдарламашыларды жалдау қиынға түскенін айтады кәсіпкер.

- Дуров АҚШ-қа көшуді де қарастырыпты, бірақ ол жерде барлау агенттіктерінің назарына іліккісі келмеген. Telegram-ды жасаушының айтуынша, АҚШ-қа соңғы сапары кезінде оның инженері қосымшаға жасырын қашықтан қол жеткізу бағдарламаларын енгізуге тырысқан, ал арнайы қызмет қызмет мамандары әуежайда еріп жүрген. Сонымен қатар Сан-Францискоға сапары кезінде ол өмірінде бірінші рет көшедегі тонауды бастан өткерген. Бұл жағдай оны қатты таң қалдырған.

- Дуров негізінен АҚШ, Ресей және Қытай сияқты «ірі геосаяси ойыншылар» болып саналатын елдерге бармауға тырысатынын жеткізді. Мұндай елдердің билігі Telegram-ға көбірек көңіл бөледі, ал платформа саяси бейтарап қалғысы келетінін айтады Дуров.

- Дуровтың пікірінше, өзі жеті жыл тұрақтаған БАӘ – «саяси бейтарап» мемлекет. Кәсіпкердің айтуынша, Дубайда оған ешқашан жергілікті билік қысым көрсетпеген. Сонымен қатар Әмірліктерде ол бизнесті жүргізудің қарапайымдылығын, әлемнің түкпір-түкпірінен адамдарды жалдау мүмкіндігін, төмен салықты және дамыған инфрақұрылымды ұнатады.

- Әртүрлі елдердің барлау агенттіктерінің назарын ескере отырып, Дуров өзі қолданатын барлық құрылғылар қауіпсіздік тұрғысынан бұзылған деп санайды.

- Дуров Илон Масктың Twitter-ді сатып алуын құптады. Өйткені оның пікірінше, әлеуметтік желі «сөз бостандығының үлкен жақтаушысы» болып, жаңашылдыққа талпынып келеді.

×

Редакция

$ 443.44  480.51  4.88