Ресейде жылдамдығы секундына 1500 метрден асатын снайперлік патронды сынақтан өткізу басталды

Жоғары жылдамдықты деп секундына 900 метр жылдамдықпен ұшатын патрон аталады

Sarbaz.kz редакторы
19/09/2023 - 16:32

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Ресейде жылдамдығы секундына 1500 метрден асатын снайперлік патрон сынақтан өтуде, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі РИА ақпараттық агенттігіне сілтіме жасап.

«Lobaev Arms» шартты түрде гипердыбысты патронды әзірлеуді қайта жандандырды. Кәсіпорында оның дәлдігі мен жылдамдығы сыналуда», – дейді патронды өндіруші «Lobaev Arms» компаниясының басшысы Владислав Лобаев.

Компания басшысының айтуынша, әзірге патрон гипердыбысты жылдамдықтың «шетінде» ұшады. Оның «шартты түрде гипердыбысты» деп аталуы да сондықтан.

«Біз патронды гипердыбысты немесе шартты түрде гипердыбысты күйде өндіруіміз мүмкін. Нақты шешім сынақ нәтижесінде қабылданады. Жоғары жылдамдықты деп секундына 900 метр жылдамдықпен ұшатын патрон аталады. Ал гипердыбысты патрон секундына 1500 метрден астам жылдамдықпен ұшады (Маханың бес санынан жоғары)», –  дейді ол.

Тегтер

×

Редакция

$ 443.44  480.51  4.88