Қазақстандық әскерилер бронды техниканың бағдарламасын ойлап шығарды

Олар Ұлттық қорғаныс университетіндегі әскери-ғылыми взвод сапында қызмет атқарып жүр

Sarbaz.kz редакторы
19/09/2023 - 18:19

Ұлттық қорғаныс университетіндегі әскери-ғылыми взводының мерзімді қызметтегі әскери қызметшілері бронды техниканың параметрлерін диагностикалау үшін арнайы компьютерлік бағдарлама әзірледі, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Жетекші оқу орындарында білім алған сарбаздар Ұлттық қорғаныс университетіндегі әскери-ғылыми взвод сапында қызмет атқарып жүр.

ҚР Қорғаныс вице-министрі Дархан Ахмедиев әскери-ғылыми взвод сарбаздарымен кездесіп, олардың жұмысымен танысты.

Қатардағы жауынгерлер Степан Молдабаев пен Ерсұлтан Саттарқұлов Қорғаныс министрінің орынбасарына өздері әзірлеп жатқан бағдарламасын көрсетті.

«Scam army» деп аталатын бағдарлама бронды машиналарды диагностикалауға арналған. Ол аз уақыт ішінде жауынгерлік техниканың жағдайын тексеріп, ақауын таба алады. Яғни әскерилерге уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

«Бұл бағдарлама тек жөндеу үшін емес, техниканың бұзылмау жағын да алдын алады. Жалпы, статистиканы шығарып отырады. Майы аз болмаса немесе басқа да жетіспеушіліктерді ескертеді. Отандық техниканы күтіп ұстауға көп пайдасын тигізеді», - деді Ерсұлтан Саттарқұлов.

Бағдарлама толық іске қосылуы үшін аз ғана жақсарту жұмыстары қалғанын жеткізді әзірлеушілер.

Тегтер

×

Редакция

$ 443.72  482.28  4.9