Маңғыстау облысында құтқарушыларға 30-дан аса арнайы техника тапсырылды

Жергілікті бюджеттен сатып алынды

Sarbaz.kz редакторы
20/09/2023 - 21:53

Фото: ҚР ТЖМ

Фото: ҚР ТЖМ

Маңғыстау облысының құтқарушыларына 31 бірлік арнайы техниканың кілттері табысталды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

20 қыркүйекте ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов пен Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Жұмабай Қарағаев 31 жаңа автокөліктің кілтін табыстады.

Бүгін ТЖД автопаркі 16 негізгі, 7 арнайы және 8 қосалқы машинамен толықтырылды. 29 бірлік техника қаржы лизингі есебінен және 2 техника жергілікті бюджеттен сатып алынды.

Тегтер

×

Редакция

$ 443.72  482.28  4.9