×

Қарағандыдағы жалғыз утилизация жасайтын зауыт жұмысшылары Президентке үндеу жасады

Олардың айтуынша, Президенттің атын жамылғандар зауытты банкроттыққа ұшыратып жатқан көрінеді

Қарағандыдағы жалғыз утилизация жасайтын зауыт жұмысшылары Президентке үндеу жасады
видеодан кадр

Қарағандыда орналасқан утилизация жасайтын зауыт «Recycling Company» ЖШС қызметкерлері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жолдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, біз Қазақстандағы жалғыз толық циклді қайта өндеу зауыты «Recycling Company» ЖШС компаниясының қызметкерлері Конститутцияның кепілі ретінде сізден көмек сұраймыз. 35 адам еңбекшартын бұзу туралы хабарлама алдық. Отбасымыз, мектепте оқитын балаларымыз бар. Зауыт тұрақты жұмыс істеп тұрғанда жалақымыз төленетін. Болашаққа сеніміміз мол еді», - дейді үндеу жасағандар.

Олардың айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атын жамылғандар зауытты банкроттыққа ұшыратып жатқан көрінеді.

«Шенеуніктердің мақсаты – қандай жолмен болса да, «Жасыл дамуға» зауытты тартып алу беру секілді. Компанияның шоттары бұғатта, жаңа салық түрлері пайда бола бастады. 955 теңгеге жұмыс істеу керек деген ақылға қонымысыз қорытындылар жасалынып жатыр. Антикор «Жасыл дамумен» бірлесіп, бүкіл автомобиль өнеркәсібі үшін бөгет орнатты. Егер бір көліктің қайта өндеу құны 955 теңге болса, онда утиль алымы неге көп?» –  дейді жұмысшылар.

Олардың айтуынша, зауыт Қарағанды облысында ең көп салық төлеуші компания болған. Осыған дейін 275 жұмысшы еңбек еткен. Ал қазір тек соның 75-і қалыпты. Жақында қалғандарын да қысқартпақшы екен. 

«Зауыт банкроттыққа ұшыраса, мемлекет тарапынан бізді жұмыспен қамтамасыз етуді, жұмыссыздық бойынша төлейтін жәрдемақыны беруді талап етеміз. Халықтың шенеуніктен ұтылатынын түсінеміз. Сондықтан өзімізге тиістісін талап етеміз», - дейді үндеу жасағандар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Кәсіпкер Әсем Ғалымқызы: Құрақ көрпемен әлем нарығын жаулаймыз
23.04.2024ж. 13:33

Кәсіпкер Әсем Ғалымқызы: Құрақ көрпемен әлем нарығын жаулаймыз

Әсем құрақ құрап қана қоймай, жамылғы мен махаббат көрпесін тігудің тың техникаларын жете меңгереді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →