×

Павлодар облысында полиция қызметкері электр тоғы бар субұрқақта болған балаларды құтқарды

Балалардың үлкендердің қарауынсыз субұрқаққа шомылуға келгені анықталды

Павлодар облысында полиция қызметкері электр тоғы бар субұрқақта болған балаларды құтқарды
коллаж Qaz365.kz

Павлодар облысында полиция қызметкері электр тоғы бар субұрқақта болған балаларды құтқарды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Policia.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін Ақсу қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде патрульдік полиция взводының аға инспекторы Қажымұрат Фаизов балалардың айқайын естіп, субұрқақтың жанына барған.

- Жүгіріп келе жатып, субұрқақта екі кәмелетке толмаған қыздың тұрғанын көріп, уақытты жоғалтпай, субұрқаққа секірдім. Екі қызды шығарып алдым. Кейін “жедел жәрдем” шақырып, балаларды мамандарға тапсырып, қызметке кірістім, - деді Қажымұрат Фаизов.

3, 6 және 8 жастағы балалардың үлкендердің қарауынсыз субұрқаққа шомылуға келгені анықталды. Кәмелетке толмағандар заңды өкілдерге тапсырылды. 

ҚР ҚК 254-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қуандық Бишімбаевтың әкесі Салтанатқа үйленуіне қарсы болған – ресейлік блогер
Кеше, 15:29

Қуандық Бишімбаевтың әкесі Салтанатқа үйленуіне қарсы болған – ресейлік блогер

Наталья Грэйс Астанада өтіп жатқан Бишімбаевтың сотына қатысқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →