×

Астанада тұрғын үй кешенінің автотұрағынан өрт шықты

Өртсөндірушілер тұрақта бір көліктің жанып жатқанын анықтады

Астанада тұрғын үй кешенінің автотұрағынан өрт шықты
Telegram/qr_tjm

Елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің жерасты автотұрағында өрт шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде өрт шыққан орынның видеосы тарап кетті.

Кадрлардан тұрғындар жоғарғы қабаттардан эвакуацияланып жатқанын көруге болады.

"6 маусымда сағат 11:56-да Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Мұхамедханов көшесіндегі тұрғын үй кешенінің автотұрағында өрт шыққаны туралы келіп түскен хабарламаға барды.

Өртсөндірушілер 7 минут ішінде келіп, тұрақта бір көліктің жанып жатқанын анықтады", – делінген хабарламада.

Өрт орнында дереу жедел штаб құрылып, өртсөндірушілер барлау жұмыстарын жүргізіп, жоғарғы қабаттардағы адамдарды эвакуациялап жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев ерлік көрсеткен кеншіні марапаттады
Кеше, 09:39

Тоқаев ерлік көрсеткен кеншіні марапаттады

Ол 4 конвейерлік штрегінде пайда болған түтінді  жойған еді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →