×

Су тасқыны: Түркия Қазақстанға көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді

Хабарламада Түркияның елімізде болып жатқан оқиғаларға алаңдайтыны жазылған

Су тасқыны: Түркия Қазақстанға көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді
Ашық дереккөзден

Түркия Сыртқы істер министрлігі Қазақстандағы су тасқыны жағдайына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Хабарламада Түркияның елімізде болып жатқан оқиғаларға алаңдайтыны жазылған.

«Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде болып жатқан су тасқыны ауыр зардаптарға әкеліп, ондаған мың қазақ бауырларымызды эвакуациялауға мәжбүр еткеніне қатты алаңдап отырмыз», - делінген хабарламада.

Түркия Сыртқы істер министрлігі көңіл айтып, көмек көрсетуге ұсыныс жасаған.

«Қазақстан халқы мен үкіметіне көңіл айтамыз. Түркия табиғи апаттан кейін қалпына келтіру үшін барлық қажетті көмекті көрсетуге дайын», -  деп жазылған министрліктің хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Семейдегі сауда орталығының жанында ер адамның денесі табылды
Бүгін, 17:29

Семейдегі сауда орталығының жанында ер адамның денесі табылды

Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды
Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →