×

Сайлауды бақылауға 236 шетелдік журналист келді

Олар қажетті техникалық жабдықтармен қамтылған орталықтарда өз пікірлерімен бөлісіп отырды

Сайлауды бақылауға 236 шетелдік журналист келді
Ашық дереккөздерден

Елімізде өтіп жатқан Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауына 236 шетелдік журналист келді, деп хабарлайды qaz365.kz.  

Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлімдеді.  

Қазақстан әлемдік қауымдастықтың жауапты мүшесі ретінде сайлауларды халықаралық стандарттарға сәйкес өткізуге мүдделі бола отырып, оған қатысуға халықаралық байқаушыларды шақырды. 12 халықаралық ұйым мен 41 шет мемлекеттен аккредиттелген шетелдік байқаушылардың жалпы саны 793 адамды құрады, - деп атап өтті Сыртқы саяси ведомствоның вице-министрі.

Айтуынша, саяси процеске шетелден 200-ден астам журналист келген. 

Сонымен қатар сайлауды бақылауға 236  шетелдік журналист қатысуда. Астана және Алматы қалаларында «Халықаралық байқаушылар мен шетелдік БАҚ өкілдеріне жәрдемдесу орталықтары» ашылды, - деп нақтылады Роман Василенко.

Қажетті техникалық жабдықтармен қамтылған орталықтарда байқаушылар брифингтер мен конференциялар форматында өз пікірлерімен бөлісіп отырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
“Емін-еркін жүр”: Бишімбаевтың сот процесіне тағы бір ресейлік блогер келді
Бүгін, 20:00

“Емін-еркін жүр”: Бишімбаевтың сот процесіне тағы бір ресейлік блогер келді

Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды
Байжанов Бишімбаевтың жанында тұрып, телефонның ар жағындағы әңгімені естігенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →