×

"Еден жуады" деген желеумен бақылаушыларды дәлізге шығарып, сайлау жәшігіне бюллетеньдерді салған

"Менің анық түсінгенім - біздің елде ешқашан тәртіп болмайды", - дейді ол

"Еден жуады" деген желеумен бақылаушыларды дәлізге шығарып, сайлау жәшігіне бюллетеньдерді салған
Видеодан кадр

"Еден жуады" деген желеумен бақылаушыларды дәлізге шығарып, сайлау жәшігіне бюллетеньдерді салған, деп хабарлайды qaz365.kz.

Әлеуметтік желіге тарап кеткен Қарағанды облысынан делінген бейнежазбада адамдардың сайлау жәшігіне бюллетеньдерді салып жатқанын көруге болады.

Instagram қолданушысы denski_blog бейнежазбаның астында өзінің наразылығын білдірген:

"Ақтас ауылынан сәлем! Ұяттан безгендер! Сіздерді тасбақа, диван сыншысы, бақсылар мен сиқыршылардың кейпіндегі сайқымазақтар алаңдатып жүргенде, мына жақта біреулер жәшіктерді бюллетеньдермен толтыруда. Менің анық түсінгенім - біздің елде ешқашан тәртіп болмайды! Бейнежазбаны мұқият қараңыз! Бұны теледидардан көрсетпейді!»

Осы оқиғаның жалғасы болып табылатын келесі бейнежазбада бақылаушылардың шақыруымен тәртіп сақшысы келген. Оның айтуынша, осы заң бұзушылық Қарағанды облысы, Ақтас ауылындағы №279 сайлау учаскесінде болған. Дауыс беру бөлмесінің еденін жуу кезінде бақылаушылардың барлығын дәлізге шығарып жіберген. Алайда олардың біреуі телефонының камерасын қосып кеткен. Сайлау учаскесінің төрағасы Гүлнәзия атты әйел мен тағы бір келіншектің дауыс беру бөлмесінде ешкімнің жоқ екенін пайдаланып, сайлау жәшігіне бюллетеньдерді салып жатқан сәті қосулы камераға таспаланған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Әнші Мөлдір Әуелбекова алғаш рет "Мамский әңгіме" подкастына сұхбат беріп, екі күйеуінен не үшін ажырасқанын ашып айтты
Бишімбаев алдымен мұндай бейне туралы білмейтінін мәлімдеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →