×

Exit poll-дың алғашқы нәтижелері жарияланды

Алғашқы нәтижелер бойынша, Мәжіліске алты партия өтіп тұр

Exit poll-дың алғашқы нәтижелері жарияланды
Ашық дереккөздерден

Кезектен тыс Мәжіліс сайлауының алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.

«Еуразиялық интеграция институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген Еxit poll нәтижесі мынадай:

1. Amanat – 53,46%,

2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 10,52%,

3. Respublica партиясы – 8,9%,

4. Қазақстан халық партиясы –6,25%,

5. «Байтақ» жасылдар партиясы – 3,22%,

6. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 7, 87%

7.Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,31%.

Қалған 4,47 пайыз респондент «бәріне қарсымын» бағанын таңдаған.

Сауалнама 200 сайлау учаскесін қамтып, 230 мың сайлаушы қатысқан.

«Еуразиялық интеграция институты Қазақстанның 17 облысында, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында сайлау учаскелерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама жүргізді. Сауалнама 200 сайлау учаскесін қамтыды. Оның ішінде 124-і қалаларда, 76-сы ауылдарда орналасты. Сауалнамаға барлығы 30 мың сайлаушы қатысты. Зерттеу нәтижелерінің қателігі 1 пайыздан аспайды», - деді институт өкілі Айгерім Ергенболатқызы.

«Демократия институты» ғылыми-зерттеу ассоциациясы қоғамдық бірлестігі жариялаған алғашқы Еxit poll нәтижесі мынадай:

1. Amanat партиясы – 53,33%

2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 11,26%

3. Respublica партиясы – 8,33%

4. Қазақстан халық партиясы – 6,93%

5. «Байтақ» жасылдар партиясы – 2,51%

6. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 8,87%

7.Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,12%.

Бірлестік мәліметінше, сайлаушылардың 54,83 пайызы дауыс беруге келген және оның 3,65 пайызы «Бәріне қарсымын» бағанасын таңдаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мәскеудегі теракт: "Крокуста" 5 мыңнан астам адам болған
25.03.2024ж. 16:42

Мәскеудегі теракт: "Крокуста" 5 мыңнан астам адам болған

Соңғы мәліметтер бойынша, шабуылдан 137 адам қаза тапты
Ғылыми орталықтың қазіргі атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндалды
Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа баяндады  
Қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →