×

Үш жылда еліміздегі орман қоры 700 мың гектарға жуық ұлғайды - министрлік

Үш жылда еліміздегі орман қоры 700 мың гектарға жуық ұлғайды - министрлік
Ашық дереккөздерден

Кейінгі үш жылда Қазақстандағы орман қоры 697 мың гектарға ұлғайды. Бұл туралы Үкімет қаулысымен бекітілген «Азаматтық қорғау саласындағы 2023-2027 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралардың кешенді жоспарында» жазылған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

«Талдау көрсеткендей, табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар санының өсті. Мәселен, қауіпті гидрометеорологиялық және геологиялық құбылыстар 2019 жылы - 45, 2020 жылы - 104, 2021жылы – 130. Ал елде болған табиғи өрттер 2019 жылы - 700, 2020 жылы - 831, 2021 жылы - 870.

Елдің орман қоры өсуде. Ол 2019-2022 жылдар аралығында 12 млн 938 мың гектардан 13 млн 635 мың гектарға дейін ұлғайды. Бұл ретте өткен жылы республика бойынша орман өрттерінің саны 50 жағдайға ұлғайды. Атап айтқанда, 2021 жылы 751 болса, былтыр 801 жағдай тіркелді», - делінген кешенді жоспарда.

Бұрын хабарлағанымыздай, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен ТЖМ әскери қызметшілерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту және материалдық базаны жаңартуға бағытталған 5 жылдық кешенді жоспар бекітілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Әнші Мөлдір Әуелбекова алғаш рет "Мамский әңгіме" подкастына сұхбат беріп, екі күйеуінен не үшін ажырасқанын ашып айтты
Бишімбаев алдымен мұндай бейне туралы білмейтінін мәлімдеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →