×

БҚО-да Бөкей ордасы ауданына апаратын жол құрылысы биыл біте ме – министр жауап берді

Казталов-Өнеге-Бисен жолы құрылысына 30 млрд теңге бөлінді

БҚО-да Бөкей ордасы ауданына апаратын жол құрылысы биыл біте ме – министр жауап берді
Ашық дереккөздерден

 ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында тұрғындармен кездесіп, сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО қоғамдық кеңес төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Ербол Салықов республикалық маңызы бар Өнеге-Бисен-Сайқын бағытындағы жол құрылысына қатысты сауал қойды.

«Шалғайда орналасқан Бөкей ордасы ауданын облыс орталығымен байланыстыратын аталмыш бағыттағы жол құрылысы биыл бітеді деген ресми мәлімет бар, соны растайсыз ба? Екіншіден, Хан ордасы ауылымен жалғастыратын 21 шақырым жолға жобалық-сметалық құжаттама жасалғанымен, мерзімі өтіп кеткен. Осыны тездетіп жасап, құрылыс бастауға көмектессеңіз», – деді Е.Салықов.

Осыған орай жауап берген министр Үкімет тарапынан жол құрылысына жеткілікті қаржы беріліп отырғанын жеткізді. Айталық, өткен жылы Батыс Қазақстан облысына осы мақсатқа 42 млрд теңге қаралса, биыл 50 пайызға көбейіп, 66 млрд теңгеге жетті. Соның ішінде Казталов-Өнеге-Бисен жолы құрылысына 30 млрд теңге бөлінді. Мұндай көлемдегі қаржы қаралған емес.

«Қажетті қаражат бөлінгеннен кейін жұмыстың тиімді орындалуын министрлікпен қатар жергілікті атқарушы органдармен бірге қадағалауы керек. Қосымша мердігер қажет болса, айтыңыздар. Хан ордасына жеткізетін 21 шақырым жол құрылысын келесі жылы бастап кету үшін биыл конкурс өткізіп, мердігерді анықтап қою керек», – деді Марат Қарабаев.

«Аталмыш жол құрылысына қатысты айтарым, біз облыс әкімдігімен биыл астыңғы төсемді бітіріп, жолды қатынас үшін ашуға келіскенбіз. Үстіңгі төсем келесі жылы аяқталады. Осы сапар барысында аталған жол құрылысы барысымен танысып, әлі де нақтылай түсеміз», – деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бөкей ордасы мен Жәнібек бағытындағы жол құрылысын 2023 жылы аяқтау көзделіп отырғаны жазылған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мәскеудегі теракт: "Крокуста" 5 мыңнан астам адам болған
25.03.2024ж. 16:42

Мәскеудегі теракт: "Крокуста" 5 мыңнан астам адам болған

Соңғы мәліметтер бойынша, шабуылдан 137 адам қаза тапты
Ғылыми орталықтың қазіргі атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндалды
Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа баяндады  
Қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →