×

Ақмола облыcтық білім басқармасы өзіне қол жұмсаған студентке қатысты түсінік берді

Марқұмның туыстары 18 жастағы қыздың өліміне колледж ұстаздарын кінәлап отыр

Ақмола облыcтық білім басқармасы өзіне қол жұмсаған студентке қатысты түсінік берді
Видеодан кадр

Ақмола облысы білім басқармасы баға үшін өзіне қол жұмсаған студентке қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың хабарлауынша, қайғылы жағдайға байланысты Ақмола облысы білім басқармасының 2023 жылғы 24 мамырдағы № 236 бұйрығына сәйкес, жасалған суицид фактісін зерделеу үшін жұмыс тобы құрылып, колледжге жіберілген.

"Шынында да, қазіргі уақытта колледжде бекітілген кестеге сәйкес 2022-2023 оқу жылының II жартыжылдығында аралық аттестаттау өтіп жатыр. 2023 жылғы 22 мамырда топ кураторымен әңгіме барысында студент мамандық бойынша үшінші емтихан тапсырып, "3" деген баға алды. Сол күні топ старостасы мұғалімге қайта тапсыру күнін белгілеу туралы өтінішпен қоңырау шалды, онда мұғалім қайта тапсыру мүмкін екенін түсіндірді және емтиханды қайта тапсыру күні мен уақытын басқа нұсқамен белгілеген. Келесі күні кураторға студенттің анасы ұялы телефонға қоңырау шалды, ол куратордан емтиханды қайта тапсыруға көмектесуін сұрады. Куратор пән бойынша оқытушымен сөйлесіп, онда соңғысы 2023 жылғы 23 мамырда сағат 14.00-ге қайта тапсыруға болатынын айтты, бірақ көрсетілген күні қайта тапсыруға келген қыз тесттердің басқа нұсқасы бойынша емтихан тапсырудан бас тартып, кетіп қалды", – делінген Ақмола облыстық білім басқармасының ұсынған мәліметінде.

​Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, олардың қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады.

Еске салайық, кеше Көкшетауда колледж студенті өзіне қол салғанын хабарлаған едік.

Марқұмның туыстары 18 жастағы қыздың өліміне колледж ұстаздарын кінәлап отыр. Бұған себеп – Аяулымның соңғы хаты. Онда марқұм ата-анасының үмітін ақтай алмағанын, ұстаздары білімін әділ бағаламағанын жазыпты.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады
Кеше, 09:37

Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады

Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды
Байжанов Бишімбаевтың жанында тұрып, телефонның ар жағындағы әңгімені естігенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →