×

Президент Тоқаев ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын айтты

Тоқаев Қостанайға барды

Президент Тоқаев ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын айтты
Көрнекі коллаж. Фото: QT

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ даласының символы саналатын ақбөкендердің көбеюіне тосқауыл қоятын шешімнің күшін жойып, оған тыйым салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мемлекет басшысы Қостанай облысының Қостанай ауданының тұрғындарымен кездескен кезде су тасқынының зардаптарын жоюға жедел көмек көрсетіліп, құтқару жұмыстарының уақытылы жүргізілгені үшін алғыстарын білдірді. 

Сонымен қатар осы кездесуде киіктерді атуға тыйым салынатынын айтты.

«Президент қазақ даласының символы саналатын ақбөкендердің көбеюіне тосқауыл қоятын шешімнің күшін жойып, оған тыйым салынатынын мәлімдеді»,– делінген Ақорданың хабарламасында.

Кездесу соңында  Тоқаев келесі жылы Алаш ардақтысы Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналған іс-шараға қатысу үшін Арқалық қаласына баруды жоспарлап отырғанын жеткізген.

Айта кетейік, киік атуға былтыр рұқсат етіліп, сосын 10 ақпанда тыйым салынған еді. Алайда биыл күзде Қазақстанда киік атуға қайта рұқсат етілуі мүмкін екені айтылып жүрген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →