×

Түркістан облысындағы су тасқыны: 4 елді мекенде су бұру жұмыстары жүріп жатыр

Су тасқынының салдарымен күресу үшін Түркістан облысына Шымкент қаласының ТЖД күштері мен құралдары жіберілді

Түркістан облысындағы су тасқыны: 4 елді мекенде су бұру жұмыстары жүріп жатыр
фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

 ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысындағы су тасқыны мен оның салдарымен күрес бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, қазіргі уақытта 4 елді мекенде, атап айтқанда Бәйдібек ауданында Шаян мен Шақпақ, Сауран ауданында Шаға және Арыс қаласында су бұру жұмыстары жүргізілуде.

ҚР ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен үйлерді су басу жағдайының алдын алу үшін 12 000 құм салынған қап төсеу жұмыстары жүргізілді.

Қарнақ ауылында Кентау қаласы, Бәйдібек, Ордабасы, Сауран аудандарында барлығы 21 көше мен 235 аула аумағын, сондай-ақ Ордабасы ауданында мектептің аумағын су басқан.

Жұмыс жүргізуге ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардың, Қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдарынан 400-ден астам адам, 70-ке жуық техника, 35 мотопомпа жұмылдырылды.

Жедел желі телефондары жұмыс істейді: Астанада - 87172533284; Түркістан облысында - 87253357881.

Облыстық маңызы бар 11 автомобиль жолының 23 учаскесінде жол төсемін су шайды. Су тасқынына байланысты облыстық маңызы бар «Көксаят-Ақсу-Саян-Мыңбұлақ-М-32», 118-136 км 117-179 автожолы жабылды.

Су тасқынының салдарымен күресу үшін Түркістан облысына Шымкент қаласының ТЖД күштері мен құралдары жіберілді.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 3 ақпанда облыстың басым бөлігінде жауын жуып (жаңбыр, қар), ауа температурасы көтеріліп, қар тез ериді, еріген және еңіс ағынының қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі мүмкін.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді
Кеше, 11:09

Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді

Вранчевтің бұл сөзіне Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова қарсы шықты
Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады
Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →