×

Комиссия Шораевты сайлауға небәрі 3 күн қалғанда талаптарға сай деп таныды

Шораев әлеуметтік желіде сайлау комиссиясынан алған хатын жариялады

Комиссия Шораевты сайлауға небәрі 3 күн қалғанда талаптарға сай деп таныды
Vlast/ Жанара Каримова

Мәжіліс депутаттығына кандидат Арман Шораев әлеуметтік желіде Астанадағы №2 округтік сайлау комиссиясынан алған хатын жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Хатта Арман Шораев жариялаған мәліметтер тексерілгені айтылған.

"Жарияланған мәліметтерге сәйкессіздіктер анықталған жоқ. Тексеру қорытындысы бойынша сіз Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарға қойылатын талаптарға сай екеніңізді хабарлаймыз", - делінген хатта.

Осылайша, Арман Шораев сайлауға қатыса алатынына сенімді болды. Алайда сайлауға дейін небары үш күн қалды, оның бірі – тыныштық күні.

Еске салсақ, Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚХП атынан кандидат Нұрия Балтабайқызының ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратқаны үшін Арман Шораевты кінәлі деп таныған

«Әрине, шығарылған сот актісімен келіспеймін, шағымданамын. Өкініштісі, мұндай шағымды қарау сайлау өтіп жатқан 2023 жылдың 24 наурызынан кейінге қалады», - деген еді Шораев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Депутат утильалым мөлшерін 150 мың теңгеден асырмауды ұсынды
Бүгін, 15:53

Депутат утильалым мөлшерін 150 мың теңгеден асырмауды ұсынды

Депутат өз сауалын премьер-министр Олжас Бектеновке жолдады
Депутат Әділет министрлігі өкіліне бірқатар сұрақ қойды
Депутат журналистердің сұрақтарына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →