×

Абай облысында баспана құрылысына байланысты 305 іс қозғалды

90 субьект әкімшілік жауапкершілікке тартылған

Абай облысында баспана құрылысына байланысты 305 іс қозғалды
Фото: pixabay.com

Қазір облыс орталығы Семей қаласында тұрғынүй құрылысы қарқынды жүріп жатқаны рас. Алайда көпқабатты үй тұрғызуды міндетіне алған мердігер компаниялардың кейбірі заңды белден басып, түрлі тәсілмен жауапкершіліктен жалтарғандығы да анықталып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Абай өңірлік коммуникациялық қызмет орталығында өткен брифингте Абай облыстық бақылау басқармасының басшысы Шыңғыс Аманжоловтың айтуынша, қазір сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау саласы бойынша 121 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 90 субьект әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сол негізде жалпы сомасы 57,03 млн. теңгеге 305 әкімшілік іс қозғалып, оның 91-і әкімшілік сотқа шешім қабылдау мақсатында жолданған жайы бар.

«Тексеру, қадағалау барысында бір нысанға қатысты сот шешімі бар. Алғашқы сатысында сот бізді қолдамаған болатын. Облыстық аппелияциялық сот алқасына жүгінуге тура келді. Соның негізіндегі заң аясындағы сот шешіміне сәйкес, пайдаланылған құрылыс материалдары бөлшектелетін болады», – деді Аманжолов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда Жеңіс күні тойланды
Кеше, 13:15

Алматыда Жеңіс күні тойланды

Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
Аймақ басшысы өз борышын өтеуге енді келген жас сарбаздармен тілдесті
Оқушы қызықты тәсіл ұсынып отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →