×

Жамбыл Жабаевтың музейінде ауқымды сенбілік өтті

Сенбілік енді “КИЕЛІ МЕКЕН” акциясымен жалғасты

Жамбыл Жабаевтың музейінде ауқымды сенбілік өтті

Республикалық “Таза Қазақстан” акциясы басталғалы бері Жамбыл ауданындағы 61 елдімекенде күнделікті сенбілік өтуде, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін ауданымыздың рухани орталығы болып саналатын, Жамбыл ауылындағы Жамбыл Жабаевтың музейінде 500-ден астам адамның қатысуымен ауқымды сенбілік өтті.

Өткен аптада “Таза өлке” акциясы бойынша желілік кестемен өткен сенбілік енді “КИЕЛІ МЕКЕН” акциясымен жалғасты. 

Жамбыл ауылында өткен сенбілікке ауыл тұрғы,  зиялы қауым өкілдері, өнер саласының қызметкерлері, ардагерлер, жастар, еріктілер, депутаттар қатысты.

“Киелі мекен” акциясы аясында Жамбыл ауданында орналасқан 51 ескерткішті тазалау, абаттандыру жұмыстары жүргілетін болады. 

Сонымен қатар бүгін дәл осындай сенбілік “Таңбалы” музейінде де өтіп жатыр. 
Тазалық - денсаулық кепілі, ол үлкен мәдениеттіліктің белгісі. 

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған бұл акцияға аудан халқы белсенді қатысуда. 

Бұл экологиялық акция тұрақты жалғаса бермек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысында ауылшаруашылығы саласының дамуы мақсатқа сай
Бүгін, 16:23

Абай облысында ауылшаруашылығы саласының дамуы мақсатқа сай

Облыстағы аграрлық мәселелер қалай шешілуде
Жиналған барлық қаражат әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады
Облыс әкімдігі аталған материалға қатысты жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →