×

Неймар астаналық қыздың хатына жауап жазып, футболкасын сыйлады

Ол сүйікті футболшысына хатты бірінші рет жазбаған

Неймар астаналық қыздың хатына жауап жазып, футболкасын сыйлады
tengrinews.kz

Астаналық Томирис Тұрсынғалиева бразилиялық футбол жұлдызы Неймардан хат алды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Әдетте супержұлдыздар жанкүйерлерінің хатына сирек болса да жауап жазатын кездер болады. Сол сәттің бірі астаналық бойжеткенге бұйырыпты. Және ол сүйікті футболшысына хатты бірінші рет жазбаған. Бұған дейін де жазған хатына жауап келмеген екен.

"Мен футболды жақсы көремін және оны 2004 жылдан бері бақылап келемін. Бұл бірінші рет жазғаным емес. Бірінші рет сыпайы түрде: "Сәлеметсіз бе, Неймар, сізді 2013 жылдан бері жақсы көремін. Мен сізден сыйлық алғым келеді" деп жазған едім. Бірақ бұл хабарламаға жауап жазбады", - дейді ол.

Томирис Тұрсынғалиева мұнымен де тоқтап қалмай екінші рет тағы да хат жазуды ұйғарған.

Ол Instagram-да 200 миллионнан астам жазылушысы бар сүйікті футболшысына ұзын-сонар хат емес, 2-3 сөйлеммен сәлем жолдаған.

"Эй, досым! Маған қолтаңбаң бар футболкаңды берші!» деп жазып жібердім. Бірінші хабарламаның жауабын 9 жыл күткен едім. Ал, екінші хатқа 4-5 күнде жауап келді", - дейді астаналық.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысында футболшылар «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызуға қатысты
Кеше, 12:34

Абай облысында футболшылар «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызуға қатысты

Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатысты
Ол финалда украиналық Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, осы маусымда үшінші турнирде жеңіске жетті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →