$ 441.58  480  4.86

СҚО-да су тасқынының екінші толқыны басталды

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзені суы екінші рет көтеріліп жатыр.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Тоқсан би гидрология бекетінде су деңгейі бір тәулікте 95 см-ге жоғарылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, Есіл өзені Тоқсан би ауылының жанында 16 сәуір күні таңертеңнен бастап көтеріліп жатыр. Сондай-ақ Долматово елді мекенінің жанында да өзен деңгейі 20 см-ге биіктеген.

Мұндағы қауіпті деңгей 1450 см болса, қазір 1532-ге жеткен. 

Петропавлда екінші күн өзгеріссіз. Ал мұндағы су қоймасында деңгей -5 см-ге түсті. 

Су тасқынының екінші толқынының келуінен Сергеев су қоймасында деңгейі 3 см-ге жоғарылаған. 

Ал шағын өзендерде су қайтып жатыр. Мәселен Бабықбұрлықта өткен тәулікте 126 см-ге, Ақанбұрлықта 120 см-ге түскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары