Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
15 января 2022 21:43

"Қазақ және орыс тілдерін білмейді". Бүлік кезінде ауруханадан рұқсатсыз кеткендер болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ашық дереккөздерден алынған сурет © Ашық дереккөздерден алынған сурет

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Әсел Артакшинова жаппай тәртіпсіздік кезінде ауруханалардан рұқсатсыз кеткендер болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Әсел Артакшинова жаппай тәртіпсіздік кезінде ауруханалардан рұқсатсыз кеткендер болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кейбір зардап шеккендер дәрігерлердің сұрақтарын түсінбей, мемлекеттік және орыс тілдерінде жауап бермеген. Медициналық көмек алғаннан кейін медициналық ұйымдардан рұқсатсыз кетіп, тіпті белгісіз қарулы адамдардың сүйемелдеуімен жансақтаудан шыққан жағдайлар болды", - деді ДСМ өкілі брифинг барысында.

Оның мәліметінше, 2,6 мыңнан астам адам медициналық көмекке жүгінген. 

"265 адам ауруханаларда. Оның 67-сі ауыр халде. Қайтыс болған 225 науқастың 175-і медициналық ұйымдарда қайтыс болды", - деді ДСМ өкілі.

Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.

Тұрғымбаев Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке ұласқан оқиғалар хронологиясын баяндады

Кейінірек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізілді.

Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді

5 қаңтарда үкімет отставкаға кетті, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, сұйытылған газ, бензин және дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу енгізілді. Алайда толқу күшейе түсті. Алматы қаласы қатты зардап шекті. Бүлікшілер әкімдік ғимаратын өртеп жіберді, Президент резиденциясын басып алды, дүкендерді, сауда орталықтарын, банк кеңселері мен банкоматтарды қиратып, тонады.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін Үкімет, соның ішінде, Энергетика министрлігі, "Қазмұнайгаз" бен "Қазақгаз" кәсіпорындары кінәлі екенін айтты.

6 қаңтарда Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. ҰҚК-нің жаңа басшысы болып Ермек Сағымбаев тағайындалды. Дәл осы күні ҰҚК Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі бойынша "Мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал 10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қазақстандағы тәртіпсіздіктерден бизнеске келтірілген шығын 12 қаңтарда 100 миллиард теңгеден асты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер саны анықталып жатыр, әлі белгісіз.

11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкімет мүшелерін тағайындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети