Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
31 октября 2023 16:21

Протезіне қарамастан, теннисті жетік меңгерген спортшы ару жетістігінің құпиясын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

жеке архивінен жеке архивінен

Протезіне қарамастан, теннисті жетік меңгерген спортшы ару жетістігінің құпиясын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


Протезіне қарамастан, теннисті жетік меңгерген спортшы ару жетістігінің құпиясын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Ақмөлдір небәрі 18 жаста. Қолындағы протезіне қарамастан үздік теннисші атанған Ақмөлдір Тілеуқұлова Атырау облысының Құлсары қаласында тұрады. Қазақстанды мойындатқан Ақмөлдір адамның мүмкіндігінде шектеу жоқ екеніне сенеді. Ақмөлдір ерекше сәби болып өмірге келді. Қолындағы туабітті жетіспеушілік қаршадай қызды сындыра алмаған.

Үстел теннисінен талай жетістіктерді бағындырып жүрген спортшы бүгінгі Ақмөлдірдің қалыптасуына отбасы, бауырлары себепкер болғанын айтты.

"Әсіресе, анамның маған берген күш-жігері өмірден өз орнымды тауып, алға қарай ұмтылуыма себеп болды. Сондықтан адам жығылған кезде де, қуанған кезде де оның жанында отбасы болуы керек. Отбасындағы қамқорлық, демеу, жылы сөздер көп нәрсеге ықпал етеді", - дейді Ақмөлдір.

Ақмөлдірдің ерекше жағдайына сыныптас достары аса назар аудармаған. Бірақ бала кезден өте ұялшақ болған Ақмөлдір көп жерде ойын ашық айтуға қымсыныпты.

"Сөйтіп жүргенімде анам мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамына апарды. Ол жерде өзім сияқты көптеген адамды көрдім. Мен үшін ол жер алға жетелейтін қуатты күші бар ерекше алаң болып көрінді. Өзіме сенуді, алға ұмтылуды үйрендім. Бала кезімнен үстел теннисіне қызығатынмын. Сол қоғамда жүріп, спортпен шұғылданамын деп шешім қабылдадым", - дейді Ақмөлдір.

Осылайша, 12 жылдан бері теннис саласында жүрген чемпион қыз біраз белестерді бағындырған.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 442.02   490.7   4.86 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети