Жетісай ауданындағы мақта бағасына қатысты мәселе

604
22.10.2022 05:26

Шардаралық шаруалар шығынға ұшырадық деп шу шығарғанымен, Ливерпульдік биржадағы мақта құны көтерілмей тұр. Себебі, әлемде ақ алтынға деген сұраныс төмен. Ал, атқамінерлер болса қолдан келгенін жасап бағудамыз дейді. 

Биыл өңірде мақта көлемі жылдағыдан екі есе артса да, шаруалардың әлі де мазасы жоқ. Себебі, жыл он екі ай күтіп баптаған еңбегінің жемісін көре алмай отыр. Яғни, ақ алтынның нақты бағасы бекітілмеген. 

ЕРБОЛ ҚАЛДАРОВ - «АҚ АЛТЫН» КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ - Біздің де шаруалардың өнімін сатып алатын ақшамыз жоқ...

Мақта шикізатын сатып алу зауыттар мен қабылдау пунктеріне де тиімсіз болып тұрған секілді. Алайда, Мақтаарал ауданында орналасқан «Жанасыл» корпорациясы қолма-қол 330 теңгеден қабылдап жатыр. Неге? Өзгелер ақ алтыннан айналып өтіп жатса, биыл ғана ашылған завод қалай жоғары бағаны бекітіп алған? Бұл сұрақтарға өнеркәсіп директоры бүй деді. 

НҰРЛАН СӘРСЕНБАЕВ - "ЖАНАСЫЛ" ЖШС-НІҢ ДИРЕКТОРЫ - Біз шет ел инвесторларымен келіссөз өткіздік. Соның арқасында шаруалардың өнімін жоғарғы бағадан қабылдап жатырмыз...

Бағаны тұрақтандырудың жалғыз жолы тектильді заводтар ашу дейді шаруалар. Егер, дайын шикізат өнімін кәдеге асыратын өнеркәсіп нысандары бой көтерсе, мұндай дабыра болмайтын көрінеді. Бірақ, оның өзіне кемі 2-3 жыл уақыт керек. 

ЕРАЛЫ БЕКЕНОВ – ШАРУА - Үкіметке қойылатын негізгі талап мақтаны кәдеге асырып үйренуіміз қажет...

Осы орайда "жыл он екі айғы еңбегіміз бағаланбады" деп ашуға бой алдыртқан шаруаларды халық қалаулылары мен ел тізгінін ұстаған тұлғалар сабырға шақырды. 

Айта кетейік, бүгінге дейін облыс көлемінде 286,6 мың тонна шитті мақта жиналды. Бұл көрсетікіш жсопарланған меженің 87 пайыз құрайды дейді мамандар. Сонымен қатар, минералды тыңайтқыштардың құнының  50 пайызын субсидиялауға 6,1 млрд теңге  көлемінде мемлекет тарапынан қолдау жасалған.