Шымкентте ірі көлемде пара алған әкімнің бұрынғы орынбасары сотталды

102
02.04.2024 16:04

Шымкенттегі Еңбекші ауданының әкімдігі енді мазаратты қарауылдай ма? Оған бөлінген 28 млн теңгені әкімнің бұрынғы орынбасары Тіленшин жымқырып кетіп, абақтыға жабылды. Артынша Жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай тағы бір былығы шықты. Сөйтсек анығы былай екен. Мегаполисті абаттандыру соның ішінде зираттарды күтіп ұстауға  бөлінген 28 млн теңгені алдымен кәсіпкер жымқырады. Оның қылмысын жасырамын деп әкім орынбасары одан 60 млн пара алады. Жемқорлық бір тараптан болмайтыны белгілі осылайша бір мезетте Еңбекші ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Тіленшин, сондағы бас маман Балқыбеков, сондай-ақ мердігер ұйымның өкілі Манат абақтыдан бір-ақ шықты. Олар сот үкімімен 11,10 және 3 жылға темірторға қамалады. Әрі сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.