Жалдамалы пәтерде есірткі өсірген

69
04.04.2024 16:15

Жалдамалы пәтерде есірткі өсіргендер ұсталды. Шымкентте полиция қызметкерлері қала ішінен күдік тудырған 37 жастағы көлік тізгіндеген азаматты ұстады. Темір тұлпарының ішін тексеру кезінде марихуана салынған 2 пластик ыдыс табылды. Сақшылар сосын оның жалдамалы пәтерін де барады. Онда тіпті фитозертхана анықталған. Автоматты суарумен жабдықталған бөлмеде ер адам қарасора өсірген. Дәл осындай зертхана оның сыныптасының үйінен де табылды. Жалпы салмағы 13 келіден астам есірткі тәркіленді. Оның ішінде қарасора бұталары мен марихуана көшеттері бар. Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынған.